spot_img
Сейсенбі, Мамыр 5, 2026
23.2 C
Kokshetau

Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары 8 жылға сотталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық үшін 8 жылға сотталды, деп хабарлайды «AqmolaNews».

Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары М. Қансейітов кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан шектеліп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сол үкіммен «Сарапшы Арсенал» ЖШС құрылтайшысы Б. Шаймерденов пен «Көкшестрой Технадзор» ЖШС техникалық қадағалау инженері О. Ренн кінәлі деп танылып, сәйкесінше 7,5 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оларға мемлекеттік қызметте 5 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылды.

Тергеу барысында сотталғандардың Щучинск қаласында жүз пәтерлік тұрғын үй салуға бөлінген 50,5 миллион теңге көлемінде құрылыс монтаждау жұмыстары нақты орындалмағаны үшін бюджет қаражатын ұрлағаны дәлелденді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында астықты терең өңдейтін ірі зауыт салынады

Ақмола облысында астықты терең өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық келісімге қол қойылды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Аршалы ауданының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика