spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Адамдардың ешқандай қысымсыз дауыс беріп жатқанын көргенде қуанамын – халықаралық байқаушы

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл туралы Палестина мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың Дуайені Монтасыр Абузейд Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, сайлау учаскесін аралау барысында олқылықтар кездесспеген.

Мен үшін халықаралық байқаушы болу – үлкен құрмет. Осымен төртінші рет байқаушы ретінде жұмыс істеп отырмын. Таңертеңнен бастап біз бірнеше сайлау учаскесін араладық. Ұйымдастыру деңгейіне тәнті болдық. Біздің байқағанымыз – ешқандай бұзушылықтар орын алған жоқ. Адамдар көтеріңкі көңіл күймен сайлауға келіп дауыс беріп жатыр. Оларға ешкім ешқандай қысым көрсеткен жоқ. Қазақстан халқын табысты және саяси-экономикалық реформаларды жүзеге асыру күтіп тұр, – деп атап өтті Төтенше және өкілетті елші.

Сонымен қатар Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың Дуайені адамдардың ешқандай қысымсыз дауыс беріп жатқанын көргенде қуанатынын айтты.

Адамдардың ешқандай қысымсыз дауыс беріп жатқанын көргенде қуанамын. Таңертеңнен бастап осы сәтке дейін мен 14 сайлау учаскесіне бардым. Егер проблема болса, мен ол туралы жергілікті байқаушыларды хабардар етеміз. Жергілікті байқаушыларға сенеміз. Себебі біз бүкіл сайлау учаскелерін қамти алмаймыз. Осы орайда маңыздысы – халықаралық байқаушылар мен жергілікті байқаушылардың ынтымақтастығы. Жергілікті байқаушылар тарапынан бізге әлі ешқандай шағым түскен жоқ, – деді Монтасыр Абузейд.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img