Көкшетауда судың сапасын 30-40 пайызға жақсартамыз деп қалалық канал басшысы уәде етті. «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК Бас директоры Ермек Өмірғалиев қаланы сумен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы тарқатып, бірқатар негізгі мәселелерді атап өтті. Белгілі болғандай, облыс орталығын сумен қамтамасыз етумен айналысатын «Көкшетау Су арнасы» коммуналдық кәсіпорнында 120-дан астам маман жетіспейді.
Ірі көлемді қаражат, өткізілген су құбырлары, аяқталған жұмыс есептері және жоспарланған іс-шаралар туралы талқыланды. Қалалық су арнасының басшысы табысты жобалар туралы айтып, белгілі бір проблемалардың да барын мойындады. Айтпақшы, мәселелердің дені жылдар бойы халық наразылығын тудырып келеді, десе де шешімін табар жол әлі де жоқ. Қаланың көптеген шағын аудандарында сумен жабдықтау проблемалары бар. Сонымен қатар, шағымдар жеке және абаттандырылған сектордың тұрғындардан жиі түседі. Мысалы, «Жайлау» шағын ауданында ұзақ уақыт бойы су болмауы немесе қысыммен осалдығы байқалады. Арна басшысының айтуынша, қазір құбыр мен резервуарды төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Содан кейін су мұнарасы орнатылып, шағын аудандағы көптеген су проблемалары шешіледі, деп сендірді Ермек Өмірғалиев. Бірақ негізгі проблемалардың бірі кәсіпорынның өзіндегі кадр тапшылығы болып отыр. Бұл мәселенің бары бұрын соңды айтылмаған еді…
«Бүгінде бізде 315 адам және 80 бірлік техника жұмыс істейді. 120-ға жуық адам жетіспейді, жастар қаламайды, сондықтан біз жұмыс істеп жүрген мамандарды ұстап қалуға тырысамыз. Мәселе жалақыда емес.Шындығында, біздің жұмыс өте күрделі. Өйткені, бұнда су бұру, сумен жабдықтау және кәріз учаскелері бар, ешкім кәріз құбырларына түсіп,өміріне қауіп төндіргісі келмейді. Қала бойынша бізде су құбырында 2 бригада, канализацияда 5-6 адамнан тұратын 2 бригада бар. Орта есеппен 4-5 бригада болуы керек», – деп түсіндірді Ермек Өмірғалиев.

Қаланы сумен жабдықтаудың тағы бір өзекті мәселесі бірнеше жылдан бергі су сапасының төмендігі. Көкшетау тұрғындары өмір нәрінің сапасы мен түсіне талаай мәрте шағымданды. Жақында ғана әлеуметтік желі беттері краннан шыққан судың жай-күйіне қатысты шағымдар мен өтініштерге толды. Содан кейін «Көкшетау Су Арнасы» мамандары санэпидбақылау өкілдерімен бірлесіп су сынамаларын алған мекенжайларға барды. «Көкшетау Су Арнасы» басшысы қала тұрғындарына тиісті сапалы су түсуі үшін бәрі жасалып жатқанын айтты.
«Судың сапасы туралы көптеген шағымдар мен наразылықтар бар. Біз үнемі суды зарарсыздандыруға тырысамыз, бәрі бақыланады және суды тексеру жұмыстары сағат сайын жасалады. Бірақ тағы бір мәселе бар, су желілері ескірген. Егер тазарту қондырғыларында су сапа талаптарына сәйкес келсе, тұтынушыға магистральдық, содан кейін тұрғын үй желілер арқылы жетеді. Нәтижесінде, ол абонентке келгенде, бәрі болуы мүмкін. Біз үй ішіндегі құбырларға жауап бере алмаймыз. Тұтынушылардың ішкі сүзгілері айына бір рет ауыстырылып отырады. Тазарту құрылыстарында бізде жұмыс жүргізілуде. Айталық, осы жазда тұндырғыштар жөнделді. Келесі жылы біз судың сапасын 30-40 пайызға жақсартуға бар амалдарды жасаймыз», – деп сендірді» Көкшетау Су Арнасы » ШЖҚ МКК бас директоры Ермек Өмірғалиев.
Қалалық су каналының басшысы атап өткендей, кәсіпорын биыл 50 миллион теңгеге сумен жабдықтау бойынша екі жобаны жүзеге асырды. Негізгі жұмыстарды олар өз қаражаты есебінен жүргізеді. Естеріңізге сала кетейік, 13 жылдан астам уақыт бойы облыс орталығының су тазарту құрылыстарын қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылып келеді. Су арнасының басшысы атап өткендей, қазір жоба түзетілуде және су тазарту құрылыстарын жаңғырту бойынша басқа да ұсыныстар қарастырылып жатыр.
Камила Әбделманова



