spot_img
Сейсенбі, Мамыр 19, 2026
9.2 C
Kokshetau

Ақмола облысындағы Красный кордон ауылының атауы өзгермек

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Бурабай ауданына қарасты Красный кордон ауылының атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Ашық НҚА сайтында жарияланған өңір әкімінің қаулысы мен облыстық маслихаттың шешім құжатында көрсетілген, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.

«Ақмола облысы Бурабай ауданының Красный кордон ауылы Ақмола облысы Бурабай ауданының Аққайың ауылы деп аталсын.

Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», – деп жазылған құжатта.

Ұсынысты ашық талқылау 23 қарашаға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданындағы 2 ауыл мен 1 ауылдық округтің атауы қазақшаланған болатын. Атап айтқанда, Аршалы ауданының Донецкое ауылы – Анаркөл, Волгодонов ауылы – Елтоқ ауылы және Волгодонов ауылдық округі Елтоқ ауылдық округі болып өзгертілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Апа, сен болмасаң…» Санжар Сұлтанғазы

Сұлтанғазы Санжар Кәкімұлы. Жас ақын, 2004 жылы Жетісу облысы Алакөл ауданы Бұлақты ауылында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика