spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ортсайлауком мүшелері халықаралық ұйымдармен өзара  іс-қимыл жасап, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау  және өткізу мәселелері бойынша өңірлерге барды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанның Ортсайлаукомы халықаралық ұйымдармен сындарлы өзара іс-қимыл тәжірибесін жалғастыруда. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ кеңсесінің директоры Матео Мекаччидің шақыруымен Ортсайлауком хатшысы Мұхтар Ерман а.ж. 27 қазанында Бішкекте өткен «Сайлау бойынша ұсыныстарды орындаудың озық тәжірибесі» тақырыбы бойынша «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты. Албания, Армения, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның Орталық сайлау органдарының басшылары мен өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті. «Дөңгелек үстелдің» модераторы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ кеңсесінің бұрынғы директоры, елші Одри Гловер болды.

М.Ерман өз баяндамасында Қазақстанның Ортсайлаукомы мен ДИАҚБ кеңсесі ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап тұрақты кеңес режиміне, оның ішінде электораралық кезеңге ауысқанын ерекше атап өтті.

М.Ерман а.ж. 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өткен референдум қорытындысы бойынша Қазақстанның Орталық референдум комиссиясының жұмысы ЕҚЫҰ / ДИАҚБ Миссиясымен оң бағаланғанын атап өтті. Миссияның а.ж. 5 қазанында жариялаған баяндамасында «Орталық референдум комиссиясы, сондай-ақ аумақтық және учаскелік комиссиялар қажетті ресурстармен қамтамасыз етілді және тиімді, уақтылы және ашық жұмыс істеді. Мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар үшін референдумның қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша көптен шаралар қабылданды» деп көрсетілген.

Бұл Қазақстан тарапы үшін маңызды құжат, ол ҚР мүдделі мемлекеттік органдарымен, сарапшылармен және сайлау процесінің практиктерімен мұқият зерттеліп, талқыланатын болады. Мәселен, жақын арада Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сараптамалық кеңестің жаңартылған құрамы өз отырысында референдум қорытындысы бойынша ДИАҚБ Миссиясының есебін қарайды.

М. Ерман әріптестеріне ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жөніндегі ағымдағы науқан жағдайында байқаушылар Миссиясының Басшысы Уршула Гацекпен кездесуі туралы хабардар етті. Кездесу барысында миссия мүшелері Ортсайлаукомның отырыстары мен оқыту іс-шараларына қатысуға шақырылды.

Сонымен қатар, М.Ерманның Одри Гловермен, Қырғызстан ОСК төрағасы Нұржан Шайлдабековамен, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылау үшін келу ниетін растаған басқа делегациялардың мүшелерімен екіжақты кездесулері өтті.

А.ж. 28-30 қазанында ҚР ОСК мүшелерінің Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша ел өңірлеріне сапарлары өтті. Атап айтқанда, ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров Қостанай облысында, Ортсайлаком мүшелері Сәбила Мұстафина Ақмола облысында, Шавхат Өтемісов Батыс Қазақстан облысында болды.

Өңірлерде Ортсайлуком мүшелері аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдардың, кандидаттардың сайлауалды штабтарының, саяси партиялар мен БАҚ өкілдерімен семинар-кеңестер өткізді, онда 700-ден астам адам қатысты. Семинар-кеңестердің бірінші бөлімінде ОСК мүшелері қатысушыларды Президент сайлауын дайындау және өткізу ерекшеліктері туралы хабардар етті. Осылайша, сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктері, Президенттікке кандидаттарды ұсыну жән тіркеу қорытындылары, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, электоралдық оқыту және т. б. егжей-тегжейлі қаралды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img