spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 18, 2026
21.2 C
Kokshetau

Президенттікке кандидат Тоқаевтың 227 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл туралы Халықтық коалицияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «AqmolaNews».

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектері қабылданады. Алғашқы күні қазақстандықтардың 100-ден астам өтініші келіп түсті.

Қоғамдық қабылдау бөлмелері өз жұмысын бастады. Мұнда біз сенім өкілдермен кездесулер өткіземіз, азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін қабылдаймыз. Сондай-ақ, мобильді формат болады. Яғни, адамдармен кездесу үшін өңірлерге өзіміз барамыз. Ең шалғай елді мекендер қамтылады, – деп атап өтті ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Әлия Садырбаева.

Кандидаттың 4 мың сенімді өкілі 21 қазан мен 18 қараша аралығында қабылдау жүргізіп, сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін жинайды.

Азаматтарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

2026 жылғы сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика