spot_img
Сенбі, Қараша 14, 2026
-0.8 C
Kokshetau

Қазақстанда жолда қалып қойған жүргізушілерге арналған қосымша пайда болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда жолда қалып қойған жүргізушілерге көмектесетін мобильді қосымша іске қосылды, – деп хабарлайды  24.kz сайты

Онлайн платформа автокөлік жүргізушілері мен қызмет көрсету шеберлерін біріктіреді. Алғашында ол жүргізушілер бір-бірінен көмек сұрайтын әлеуметтік алаң болған, кейін бизнес жобаға айналған.

Жоба авторларының бірі – алматылық Бағлан Бауыржанұлы. Бір кездері оның өзі де жолда қалып, көп уақытын көмек іздеуге жұмсаған екен.

«Басқа жүргізушілерден көмек сұрауға тура келді. Уақыт жоғалттық, сондықтан баратын жерге кешігіп қалдық. Бұл менің басыма түсті, содан кейін: «Мен бұл қосымшаны қалай болса да жасаймын» деп шештім. Қолымнан келді. Алты ай бойы осыған көп күш салдым», – деді кәсіпкер.

Жоба курьерлік жеткізуді де, қалалар арасында жүк тасымалдауды да қарастырады. Жоспарларға іздеу қызметтерін енгізу, айыппұлдар мен салықтарды төлеу, сондай-ақ автокөлікті сақтандыру шарттарын жасау кіреді. Ең бастысы, қолданушылар көлік жөндеп, қызмет көрсету арқылы ақша таба алады.

 

Фото:  24.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшы қаласында жаңа мектеп бой көтеруде: заманауи білім ордасы 1500 оқушыға шақталған

Қосшы қаласында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Мұнда бір ауысымда 1500 оқушыны қабылдауға қауқарлы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика