spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
4.8 C
Kokshetau

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллинің өмірін баяндайтын кітап жарық көрді

Сондай-ақ...оқыңыз

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының төрінде авторы, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов пен журналист, жазушы-аудармашы, қоғам және мәдениет қайраткері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы аударған «Мәлік Ғабдуллин» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл кітап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор С.Негимовтың Кеңес Одағының Батыры, КСРО педагогика ғылымдары академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, халық әдебиетінің ұлы білушісі, жазушы, публицист, әскери мемуаршы Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен қызметіне және батырлық ерлігіне арналған.
Оның балалық шағы, студенттік және аспирантуралық өмір кезеңі, Ұлы Отан соғысы кезінде Мәскеуді қорғаудағы маңызды әрекеттері туралы айтылады. Ұлттық әдебиетке, фольклорға, педагогика-психология ғылымына қосқан орасан зор үлесі, ұлы эпистолярлық мұрасы – Мәлік Ғабдуллиннің шығармашылық өмірбаяны әдеби-тарихи мұрағат материалдары мен замандастарының естеліктері негізінде зерттелген. Кітап жазушыларға, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ қалың оқырман қауымына арналған.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Мұратұлы және кітапты аударған Ғосман Төлеғұлұлы профессор С.Негимовтың тарихи деректі филологиялық зерттеулерден тұратын құнды еңбегінің орыс тіліне аудармасының тұсауын салтанатпен кесті.

Салтанатты тұсаукесер рәсіміне Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова, Көкшетау қаласының зиялы қауым өкілдері және Көкшетау қаласы білім бөлімінің, М.Ғабдуллин музейінің өкілдері, М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназиясының оқушылары, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері мен Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының офицерлері қатысты.

Зиялы қауым өкілдері жаңа кітап жайлы өз пікірлерін, жылы лебіздерін білдірді.

«Өскелең ұрпаққа батыр бабаларымыздың өмірін насихаттау біздің парызымыз деп санаймыз. Мұндай пайдалы ақпаратқа толы кітаптың жарық көргені өте керемет. Авторы мен аудармашысына алғысымыз шексіз», – деп айтты мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова.

Әсерлі де әдемі өткен тұсаукесердің соңында қонақтар естелік суретке түсті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img