spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
11.7 C
Kokshetau

Ақмолалықтар Серік Сәпиевке тұлпар сыйлады

Сондай-ақ...оқыңыз

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат

Ақмола облысында оқушылар арасында өткен «Жігер-2022» спартакиадасында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев тұлпар мінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі  Аслан Оспанов.

«Балалар жылы» аясында Қорғалжын ауданындағы «Дәурен» стадионында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Берік Жанбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде спартакиданың балаларды дене шынықтырумен айналысуға жаппай тартуға, ұлттық спорт түрлерін танымал етуге ықпал ететінін атап өтті.

Жарыс қонақтарының арасында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен бокстан әлем чемпионатының жүлдегері Азамат Қарлығашев болды. Белгілі спортшы Қорғалжын жерінен елімізге танымал спортшылардың түлеп ұшқанын атап өтті.

«Бүгін сіздер аудандық деңгейдегі жарысқа қатысып отырсыздар. Бұл спартакиада сіздерге Қазақстанның даңқын шығаратын халықаралық сайыстар үшін бастама болатынына сенімдімін», – деді Серік Сәпиев.

Шара барысында халықаралық жарыстарда еліміздің даңқын шығарып жүрген танымал спортшыларға қазақы дәстүрмен шапан кигізілсе, Серік Сәпиевке тұлпар тарту етілді.

Айта кетсек, спартакиада волейбол, тоғызқұмалақ, футбол, дзюдо, асық ату тәрізді спорт түрлері бойынша өтті. Оған ауданның 13 мектебінен барлығы 446 бала қатысты. Жарыс жеңімпаздары медаль, естелік сыйлықтарға ие болды.

Еске сала кетейік, Көкшетаудағы жалғыз соғыс ардагері қаланың Құрметті азаматы атанды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img