spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Облыстық депутаттық фракция отырысы

Сондай-ақ...оқыңыз

«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың қатысуымен облыстық депутаттық фракция отырысы өтті.  Онда партияның Сайлауалды бағдарламасының 2021 жылғы Жол картасын орындаудың қорытындылары туралы облыс әкімі Ермек Боранбайұлы сөз сөйледі.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын үлкен жоба ретінде қарастырып, мониторинг пен бақылау орнатудың нәтижесінде былтыр Ақмола облысында Жол картасы табысты жүзеге асырылды. Тіпті, республика бойынша Сайлауалды уәделерді орындаған үздік үштік аймаққа кірді. Жол картасындағы 1663 іс-шараның 1567-сы немесе 96% орындалған. Нәтижесінде индустриалды салада, ауыл шаруашылығы мен сауда саласында, туризм мен қызмет көрсету және қонақ үй бизнесінде шамамен 1,7 мың жаңа жұмыс орнын ашу арқылы 133,3 млрд. теңгеге 65 кәсіпорын іске қосылды.

Мәселен, Аршалы ауданында қуаттылығы 6 мың тонна ет өңдейтін «Ақ-Дала Агро» серіктестігінің құс фабрикасы пайдалануға берілді. Степногорск қаласында – құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу бойынша «Ақсу Технолоджи» серіктестігінің алтын өндіру фабрикасы іске қосылды.  Фабриканың жылдық қуаты 5 млн. тонна. Бұланды ауданында тәулігіне 600 тонна шикізат өңдейтін «Бота – 2015» май экстракциялық зауыты жұмысын бастады. Игі жобалар өңіріміздің өзге аудандарында да жүзеге асырылды. Әлеуметтік сала нысандарының желісі де айтарлықтай кеңейтілді.

Партия төрағасы биыл да осындай қарқынмен жемісті жұмыс істеу үшін қоғамдық кеңестердің жұмысын күшейтіп, орындалмау қаупі бар индикаторлар бойынша тиісті деңгейде мониторинг жүргізуді мықтап қолға алуды тапсырды. Проблемалық мәселелерді әсіресе, депутаттық фракция отырыстарында көтеріп, оны шешудің амалдарын қарастыру қажеттігін қадап айтты. Жиында сондай-ақ, халық қалаулыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі сөз болды. Яғни, халыққа жақын, әрі ашық жұмыс істеу керектігі тапсырылды. Жалпы, депутаттық корпустың жұмысын жетілдіру, партияның сайлауалды уәделерін  орындау бағытында өткізетін отырыстардың сапасына мән беріп, онда қабылданатын шешімдер мен ұсыныстардың нәтижелі болуын қадағалау тапсырылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img