spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 8, 2026
12.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында карантиндік шаралар жеңілдетіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы №3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы №5 қаулы талаптарын сақтай отырып, сауда алаңы 6000 шаршы метрге дейін қоса алғанда сауда желілерінің қызметіне рұқсат», – делінген аймақтық бас санитарлық дәрігерінің қаулысында.

Қаулы қол қойылғаннан күннен бастап күшіне енеді.

Айта кетсек, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Ақмола облысы 2022 жылғы 13 қаңтардан бастап «қызыл» аймақта тұр.

Биылғы жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста COVID-19 зертханалық расталған 63549 жағдай тіркелген. Бұл 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 8664,73, оның ішінде 53228 белгілері бар (көрсеткіш 7257,49), 10321 симптомсыз вирус тасымалдаушылық (көрсеткіш 1407,24).

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына еніп, дамыған жүйелер арасындағы позициясын нығайтып жатыр

Қазақстан Insider Global Education Index рейтингінде 0,092 балл жинап, 18-орынға ие болды және тұрақты дамып келе жатқан әрі халықаралық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика