spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
21 C
Kokshetau

Германияда COVID-19 вакцинациясынан бас тартатын дәрігерлер жұмыстан босатылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Германия COVID-19 вакцинациясынан бас тартатын дәрігерлерге қойылатын талаптарды қатаңдатады, деп хабарлайды Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

ГФР-да сертификатсыз дәрігерлік практика персоналы жұмыстан босатылады. Қызметкерлер 15 наурызға дейін вакцинация туралы құжатты немесе COVID-19-дан сауыққандығы туралы анықтаманы ұсынуы керек.

Бұл тек медицина саласының қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар тазалаушыларға, ас үй қызметкерлеріне және жеке медициналық мекемелердің басқа қызметкерлеріне де қатысты. Медициналық көмекті үйде көрсететін неміс дәрігерлерінің бірлестігі пациенттермен жұмыс істеуге тыйым салуы мүмкін деп ескертті. Қызметкерлері вакцинациядан бас тартқан мекемелерге 2 500 евроға дейін айыппұл салынады.

Джонс Хопкинс атындағы институттың мәліметтері бойынша пандемия басталғаннан бері әлемде 328 миллионнан астам адам вирус жұқтырды, 5 539 514 науқас ауру салдарынан көз жұмды. COVID-19 вирусына шалдығу деректері ең көп тіркелген елдердің қатарына АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді.
АҚШ вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша көшбасшы болып қалуда, онда 65 699 947 адамның covid-19 індетіне шалдыққаны анықталды. Өлім саны 850 605 құрады. Екінші орында Үндістан, онда COVID-19 расталған жағдайлардың саны 37 380 253-ке жетті, ал қайтыс болғандар саны 486 451. Бразилияда 23 015 128 адам ауру жұқтырды, олардың 621 327-і қайтыс болды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті

2026 жылғы 29 мамырда Көкшетауда «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті. Аталған акция жыл сайын өткізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика