spot_img
Сенбі, Тамыз 8, 2026
14.2 C
Kokshetau

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Шымкентте жылына 3 миллион дана картон қағазын шығаратын зауыт іске қосылды

Сондай-ақ...оқыңыз
Бүгін егемендігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында картон қағаздарын шығаратын зауыт ашылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл Мемлекет басшысының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қала экономикасын арттыру бойынша берілген тапсырмасының негізінде жасалып отыр.

 

Аталған картон қағаздарының өндірісін қала әкімі Мұрат Әйтенов пен зауыт құрылтайшысы Бейбіт Қалқаман салтанатты жағдайда іске қосты.

Жоба құны 1,5 миллиард теңге болатын өндіріс ошағында жаңадан 50 жұмыс орны құрылды. Мұнда жылына 3 миллион дана қорап, 10 мың крафт қағаздарын шығаруға мүмкіндік бар. Дайын өнім толығымен ішкі нарықта сатылатын болады. Қазіргі уақытта 300 мың тонна шикізат сатып алынған.

Еңбек азаматтарын ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдық мерекесімен құттықтаған қала әкімі бүгінгі Қазақстанның қалыптасқан мемлекетке айналуы, әлемдік деңгейде танылып, мойындалуы және қуатты экономика құрып, гүлденуі – халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

«Оңтүстік» АЭА аумағы жеңіл өнеркәсіп, химия және мұнай химиясы өнімдерін шығаратын озық өндірушілердің қолайлы мекеніне айналып отыр. Бүгінгі таңда, жалпы құны 53,95 млрд теңгені құрайтын 26 жоба жүзеге асырылып, 2477 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр.

Дайын өнім әлемнің 15 еліне экспортталып, тұтынушы үшін жоғары сапа және қолайлы баға ара қатынасымен ерекшеленіп, шетелде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Аймақта орналасқан кәсіпорындар жыл басынан бері 21 млрд теңгенінің өнімін өндірсе, өнімнің жартысынан астамы жақын және алыс шетелдерге экспортталған. Бұдан бөлек, салық және әлеуметтік аударымдар 1,3 млрд теңгені құрады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ?

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз сайлау учаскесін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика