spot_img
Бейсенбі, Сәуір 9, 2026
6.2 C
Kokshetau

Ғалымдар Pfizer вакцинасының «Омикрон» штамына қарсы күші төмен екенін анықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ғалымдар Pfizer препаратымен вакцинацияланған адамдардың жаңа COVID-19 мутациясына қарсы иммундық реакциясын зерттеп, бұл вакцинаның алдыңғы штамдармен салыстырғанда “Омикронға” қарсы күші 32 есе аз екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Гонконгта коронавирус инфекциясының жаңа штамын жұқтырған 5 науқас анықталған. Олардың үшеуі Ұлыбританиядан келген, екеуі Филиппинде болған.

Жергілікті ғалымдар бір ай бұрын Pfizer препаратымен вакциналанған адамдардың жаңа COVID-19 мутациясына қарсы иммундық реакциясын зерттеді. Нәтижесінде 10 адамға жүргізілген зерттеу бойынша бұл вакцинаның алдыңғы штамдармен салыстырғанда “Омикронға” қарсы күші 32 есе аз екені белгілі болды. Сарапшылар әлі де қосымша зерттеулердің қажет екендігін ескертті. Сондай-ақ үдеткіш дозаларды алған адамдарды тексеру жоспарланған.

Дегенмен ғалымдар вакциналардың COVID-19 ауруының ауыр зардаптарынан және өлім-жітімнен қорғауға қабілетті екенін еске салады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Гастелло ауылында жаңа шамдар жанды

Жарқайың ауданына қарасты Гастелло ауылындағы Шоссейная көшесінде көшені жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Биылғы жылдың ақпан айынан бастап дайындық жұмыстары жүргізіліп,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика