spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

«Егер Еуропаға баруға ақшаңыз болса, вакцинаға төлеңіз»: Министр Pfizer-ді ақысыз салдыру туралы сұраққа жауап берді

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын елімізде ақысыз түрде салдыру туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр елімізге жеткізілген барлық вакцина тиімді әрі қауіпсіз болуын бақылайтын тиісті реттеуші бар екенін айтты.

«Бұл тұрғыда жеке адамның өз таңдау құқығы бар. Мәселен, тұмау бойынша вакцинаға тоқталсақ, біз нарықта қолжетімдісін сатып аламыз да, азаматтарға ақысыз түрде ұсынамыз. Ал кейбірі бөлек ерекше брендті сұратады», – деді А. Цой Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар министрге тілшілер «Pfizer вакцинасы не үшін керек ?» деген сұрақ қойды.

«Негізгі уәж – адамдар шетелге сапарлағысы келеді. Егер Еуропаға баруға ақшаңыз болса, вакцина үшін де төлеңіз», – деді Алексей Цой.

Сондай-ақ, министр Pfizer вакцинасының бағасы жеткізу құнына байланысты болатынын айтты.

«Қазіргі кезде бұл мәселеге қатысты нақты түсінік жоқ. Тиісті есептеулер жасалғаннан кейін, сондай-ақ нақты партия елге жеткізілгеннен соң және нақты сома бар екенін көрсек, сол кезде айта аламыз. Вакцина құнын белгілеу кезінде екпені жеткізу құнын назарға аламыз. Алдағы 1-2 айда жеткізіледі», – деді министр.

Бұнымен қоса министр Pfizer компаниясымен ақылы вакцинация мүмкіндігі туралы келісіліп жатқанын айтты.

«Біз Pfizer компаниясымен ақылы вакцинация мүмкіндігі туралы келісіп жатырмыз. Қажеттілікті анықтау үшін тізімдер жиналуда. Қазір Алматыдағы емханалар халықтың сұранысын зерттеп жатыр. Вакцинаның жарамдылық мерзімі бар екенін түсіну керек. Бұл вакцинаны қанша азамат алғысы келетінін анықтап алу маңызды. Нұр-Сұлтан қаласында да осындай жұмыс жүріп жатыр. Қазір барлық жерде, өңірлердің бәрінде осы іс жолға қойылған. Нақты қанша доза қажет, қанша азамат ақылы негізде вакцина алғысы келеді? Осыны анықтағаннан кейін ғана нақты қанша вакцина жеткізу керектігі анық болады», – деді Алексей Цой.

Айта кетейік, Қазақстанда Pfizer препараты 12 жасқа толған балаларға, жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға ақысыз егіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img