spot_img
Бейсенбі, Сәуір 17, 2025
2.2 C
Kokshetau

Республикалық жас ғалымдар байқауында ақмолалық оқушылар үздік нәтижелерге қол жеткізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде 200-ден астам ақмолалық жас ғалымдар өз жұмыстарын ұсынды,-деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараны Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырды.

8-11 сынып оқушылары қатысқан республикалық байқаудың облыстық кезеңі онлайн режимде өтті.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген ғылыми конкурс 4 кезең бойынша өткізілді.
Жарысқа қатысушылар бұған дейін аудандық, облыстық кезеңдерден өтіп, республикалық кезеңге жолдама алған болатын.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыруға, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу мен қолдауға бағытталған.

Аталмыш байқауға 338 ғылыми жоба беріліп, оның 192 сараптамадан өтті. Бұл байқауға Ақмола облысының барлық 14 ауданынан, Көкшетау, Степногорск қалаларынан және 3 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттан 216 оқушы қатысты,-делінген баспасөз хабарламасында.

Ғылыми жобаларды қорғау төрт бағыт бойынша жүзеге асырылды. Байқау қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға І, ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар берілді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адал еңбегімен ел алғысын алған азамат

Манбетали Муслимов 1950 жылы Дөңілағаш ауылында өмірге келді. 1967 жылы Көкшетау қаласының облыстық мектеп-интернатынан орта білім алып, 1968-1969 жылдары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика