spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолалық тауар өндірушілер Елорда жәрмеңкесінде 500 тоннадан астам өнімді саудалады

Сондай-ақ...оқыңыз
Елордада Ақмола облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Aqmola News».
«Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық кешенінің маңында өткен жәрмеңкеде өңір шаруаларының 420 миллион теңге соманың 500 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімі ұсынылған.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары 50-ден астам азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан 10-20 пайызға төмен сатып алуға мүмкіндік алды. 

Мәселен сиыр еті 2000 теңгеден саудаланса, жұмыртқаның әр ондығы 430 теңгеден, картоп келісі 140 теңгеден саудаланды.

Жалпы ақмолалық аграрлық шаруашылықтар жәрмеңкеге 123 тонна ет және шұжық өнімдері, 50 тонна сүт өнімдерін, 8 тонна балық, 394 мың дана жұмыртқа, 13 тоннадан астам ұн, 164 тонна картоп, 54 тоннаға жуық көкөніс және 3 тоннаға жуық кондитерлік және нан өнімдерін жеткізді. 
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықовтың айтуынша елордалық тұрғындарға өңір өнімдері жақсы таныс. 

«Біздің тауар өндірушілер елорда нарығына өз тауарларын тұрақты жеткізеді. Оның ішінде «Гормолзавод» ЖШС-і мен «Родина» ЖШС-нің сүт өнімдері, «Бижан» ЖШС-нің шұжық өнімдері жақсы сұранысқа ие», – дейді Ғалымжан Әбдіхалықов.

Шара барлық санитарлық нормалар сақтай отырып ұйымдастырылуда.

Жыл басынан бері ақмолалық тауар өндірушілері елордаға 100 мың тонна сүт өнімдерін, 23,5 мың тонна ет өнімдері мен 202 миллион жұмыртқа жеткізген. 
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img