spot_img
Бейсенбі, Шілде 16, 2026
19.7 C
Kokshetau

«Кальмар ойыны» сериалын кәмелетке толмағандар көрмеуі керек – Білім министрлігі

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова көптеген ата-ананы алаңдатқан оңтүстіккореялық «Кальмар ойыны» сериалы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Фильм Қазақстанда түсірілмеген. Фильмде белгілі бір шектеулер бар, ол 18 жастан асқан ересектерге арналған. Сондықтан, ең алдымен ата-аналар осы фактіге назар аударуы қажет. Екіншіден, ата-аналар да, мектеп те тәрбиелік шаралар аясында балаларға пайдалы ақпаратты теріс ақпараттан ажырату дағдыларын үйретуі керек. Мектептерде де осы мәселеге назар аударған жөн. Әрине, балалар психикасы енді-енді қалыптасу кезеңінде. Сондықтан кез келген ақпаратты үйде ата-аналар, мектепте – педагогтар бақылауы керек», – деп жауап берді вице-министр тілші сұрағына Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, биылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында жаһандық құзыреттілік курсы енгізіліп жатыр. Бұл курс балалардың сыни ойлауын, эмоционалды интеллектісін дамытады, ақпаратты ажырата білуге үйретеді, оны дұрыс таңдайды. Ш. Қаринова мектептер өздерінің тәрбиелік функциялары аясында сериалға қатысты шектеулерге назар аударуы керектігін айтты.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында қылмыс 24 пайызға азайды: алаяқтық төмендеп, цифрлық қауіпсіздік күшейіп келеді

Ақмола облысында биылғы алты айда қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді. Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, өңірде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика