spot_img
Жұма, Қараша 27, 2026
0.2 C
Kokshetau

Аршалы ауданы Бұлақсай ауылында жаңа футбол алаңы пайда болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Аршалы ауданы  Бұлақсай ауылында футбол спорт алаңы пайдалануға берілді,деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұлақсай ауылында ашылған футбол спорт алаңы негізгі орта мектеп аумағында орналасқан. Нысан «Бұлақсай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаражаты есебінен салынған.

Серіктестік құрылтайшысы Әлібек Тоқбаевтың айтуынша, ауылдық округте бұқаралық спорт белсенді дамып келеді, енді жастар мен балаларға арналған демалыс орын ашылып отыр.

«Біз ауа-райы жағдайында ең оңтайлы шешім жасанды алаң салу қажет деп шештік. Мұндай жабынды алаңда жыл мезгіліне қарамай ойнай беруге болады. Ондағы шөпті кесу және шабу қажет емес, құрғатпайды, қатты жаңбырдан кейін нашарламайды. Футбол алаңының көлемі – шағын футбол үшін қысқартылған. Футбол алаңының айналасына ені 1,5 метр қиыршық тас төселген. Болашақта жарық шамдарын орнату жоспарлануда», – деді Әлібек Тоқбаев.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сайлауға дайындық заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіліп жатыр

Сайлау науқаны «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ұйымдастырылуда. Орталық сайлау комиссиясы сайлау үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика