spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.2 C
Kokshetau

Ақмолалық каратешілер халықаралық турнирден олжалы оралды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық каратешілер халықаралық турнирде түрлі деңгейдегі 18 марапатқа ие болды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында каратеден «Қарашығанақ» WKF кубогы бойынша Жасталап Санауовты еске алуға арналған Х халықаралық турнир аяқталған. Спорт бәсекесіне 200-ден астам спортшы қатысқан.

Ақмола облысын намысын КАТА және КУМИТЭ бағдарламасында Щучинск қаласының «Shidai» спорт клубының 18 тәрбиеленушісі қорғаған.

«Жарыс қорытындысы бойынша Элина Досжанова, Анастасия Семкина, Даниал Мадимаров, Римма Гречко, Наталья Воронина мен София Манжио чемпион атанды. Ал команда мүшелері Магомет Тангиев, София Манжио, Мерей Ракишева, Валерия Грушко және Ульяна Григорчу күміс жүлдеге ие болды. Ал Марат Дамина, Ульяна Григорчук, Абай Болатов, Альмансур Джамбутинов, Татьяна Кузнецова мен Асан Усембаев қола жүлдегер атанды», – дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

«Shidai» спорт клубының жетекшісі Олжас Нұрмағамбетовтың айтуынша аталған турнир шеңберінде ұлттық «Қылыштасу» спорты түрі бойынша да спаррингтер өтіп, онда Альмансур Джамбутинов пен Магомет Тангиев қола жүлде еншіледі.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика