spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.6 C
Kokshetau

Ақкөлде күзетші 4,5 тонна көмірді ұрлап кеткен

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақкөл қаласында жергілікті шаруашылық серіктестіктердің бірінен көмір ұрланды. Шығын көлемін мүлік иесі 60 мың теңгеден астам қаражатқа бағалап отыр, деп хабарлайды «Aqmola News». 

Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ақкөл қаласының полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне 31 жастағы ер адам арызданып, 13 қыркүйек пен 15 қыркүйек аралығында белгісіз біреулердің көмір ұрлағанын жеткізген. Шығын көлемі 60 мың теңгеден асып жығылған.

«Серіктестіктен 4,5 тонна көмір ұрланған. Тергеу барысында аумақты көмір сату орны үшін жалға берген әрі осы серіктестікте күзетші болып істейтін 59 жастағы ер адам күдікті деп танылдыЕр адам өзінің манипуляторымен көмірді танысына жеткізіп берген болып шықты», – деді полицияның баспасөз қызметінен.

Қазір аталған факт бойынша полицейлер қылмыстық кодекстің 188 бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

«Көмір табылып иесіне толықтай қайтарылды. Күдікті азаматқа «Міндетті түрде келу» процесуалды шарасы қабылданған. Тергеу амалдары жалғасуда», – деп толықтырды полиция департаментінен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img