spot_img
Бейсенбі, Сәуір 2, 2026
16.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда

Сондай-ақ...оқыңыз

Аймақтағы эпидемиологиялық жағдай біртіндеп тұрақтануда. Бүгінгі таңда 814 науқас өткен аптамен салыстырғанда 20% – ға азайды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, реанимациядағы науқастар саны 14% – ға азайды. Жалпы жұқтырғандардың ішінде 12035 жағдай коронавирустық инфекция өздігінен жүгінген кезде анықталды.

«Коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарға стационарлық медициналық көмекті 23 медициналық ұйым көрсетеді. Коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында әртүрлі патологиясы бар науқастарға қашықтықтан кеңес беру ұйымдастырылды. Барлығы қашықтықтан кеңес беру-13 051. Науқастардың диспансерлік топтары үшін 150 мобильді бригада құрылды», – деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов.

Өңірде вакцинация науқаны жалғасуда. Бүгінгі таңда бірінші компонент 64,4% және екінші компонент – 53,8% егілді.

Облыста «Спутник V», «QazVak», «Hayatvax», «СoronaVak» және «vero Cell» вакциналарынан басқа, өңірге 24000 доза келіп түскен «QazVak» вакцинасын да егуге болады. Вакцинаға разнарядка дайындалды, енді ол облыстың медициналық ұйымдарына тасымалданады.

Айта кетейік, өңірде 133 егу пункті, 135 мобильді бригада жұмыс істейді. Вакцинацияға 564 медицина қызметкері жұмылдырылды. Сонымен қатар, вакцинация науқанына 11 жылжымалы медициналық кешен қатысады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Теңіздегі тегеурін: бүгін – Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің құрылған күні

2 сәуір – еліміздің әскери теңізшілері үшін ерекше күн. 1993 жылдың дәл осы күні Президент Жарлығымен Қазақстанның Әскери-теңіз күштері...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика