spot_img
Бейсенбі, Сәуір 17, 2025
1.2 C
Kokshetau

Қосшы қаласында жалға алушы пәтерден теледидар ұрлап кеткен

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Қосшы қаласында жалға алушы жалдамалы пәтерден теледидар ұрлап кетті. Полицейлер арада бес күн өткенде теледидарды ломбардтан іздеп тапты, деп хабарлайды «Aqmola News».

Оқиға осы жылдың 23 шілдесінде болған. Целиноград аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне Нұр – сұлтан қаласының 37 жастағы тұрғыны арызданған. Әйелдің айтуынша, Қосшы қаласында жалға берілетін пәтерден «SAMSUNG»маркалы теледидар жоғалып кеткенін хабарлады. Пәтер иесі шығын сомасы 340 мың теңгені бағалаған.
«Пәтерін жалға берген әйел жалға берген екі айлық мерзім өткеннен кейін пәтеріне барса жалға алушы да, үйдегі теледидары да болмаған. Жедел іздестіру шараларын жүргізген полицейлер пәтерді жалға алушының орналасқан жерін іздеп табады. Қолға түскен ер адам теледидарды жөндеуге бергенін айтқан. Алайда қызмет көрсету орнына барар жолда теледидарды ломбардқа өткізіп жібергенін мойындапты», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі «ұрлық»бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Күдіктіге қатысты міндетті түрде келу жөнінде процесуалды шешім қабылданған. Қазір күдіктіден бұдан өзге де қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адал еңбегімен ел алғысын алған азамат

Манбетали Муслимов 1950 жылы Дөңілағаш ауылында өмірге келді. 1967 жылы Көкшетау қаласының облыстық мектеп-интернатынан орта білім алып, 1968-1969 жылдары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика