Қазгидромет 17-19 шілдедеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елдің көп бөлігінде, солтүстік циклонның фронтальды бөлімдерінің әсерінен, әлі де найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.
Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында құрғақ және ыстық болады. Кей жерлерде екпінді жел, солтүстікте кей жерлерде тұман күтіледі. Батыста ауа температурасы түнде +17+25℃, күндіз +28+39℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6 +21℃, күндіз термометрлер +20+36℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз +23 +35℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+22°С, күндіз +29+40°С болады.