spot_img
Жексенбі, Қараша 1, 2026
9.2 C
Kokshetau

Целиноград ауданында асылтұқымды тауықтар ұрланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Целиноград ауданының Рақымжан Қошқарбаев ауылында тұратын әйелдің 13 тауығын бірдей жымқырып кеткен. Жәбірленуші шығын көлемін 60 мың теңгеге бағалапты, деп хабарлайды «Aqmola News».

Оқиға 30 маусым күні түнгі уақытта болған. Целиноград аудандық полиция бөліміне жүгінген 32 жастағы әйелдің айтуынша ұрылар қорасының терезесін бұзып кірген. Ал ауылды үй басы түгел аралап шыққан учаскелік полиция инспекторы майор Андрей Ломако күдікті адамды дереу анықтапты.

«36 жастағы бұған дейін сотталмаған ер адам өз кінәсін толықтай мойындады. Анықталғанындай ол «Брама» тұқымды 10 тауық пен жеке мақсаттары үшін тағы 3 үй тауықтарын қабына салған. Әсіресе денесі ірі асылтұқымды тауықтарды көбірек алуға тырысыпты», – дейді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Қазір полиция қылмыстық кодекстің 188 бабының 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Заттай деректер тәркіленіп алынған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика