spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
-4.8 C
Kokshetau

Атырау облысында теріс ағымды ұстанған 86 адам дәстүрлі дінге оралды

Сондай-ақ...оқыңыз

Атырау облысында теріс ағымды ұстанған 86 адам дәстүрлі дінге оралған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша, биылғы алты айда деструктивті діни ағымның 350 жақтасымен 1 200 мәрте теологиялық оңалту іс-шарасы жүргізілген.

«Терроризм және экстремизм бабымен сотталған 39 адаммен 200 рет жеке кездесу, 8 іс-шара, 2 интелектуалдық сайыс өткізілді. Сондай-ақ, теріс ағымның жетегінде жүрген 86 адам дәстүрлі діни бағытқа қайтарылды. Оның ішінде 64 тұрғын, 8 жазасын өтеуші, 5 студент бар. Ал қалғаны – экстремизм бабымен жазасын өтеп шыққандар, олардың жұбайлары, сондай-ақ пробациялық бақылаудағы азаматтар», – дейді Қайролла Көшқалиев.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында теріс діни ағымды насихаттаған 40 адам жауапқа тартылғанын жазған едік. Бұдан бөлек, өңірде 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болған діни ағым өкілдері ұсталған болатын.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақ  халқының дәстүрлі  киімдері

Қазақтың ұлттық киімі – ұлтымыздың айнасы. Халқымыз ерте заманнан түрлі әсем киім үлгілерін жасап, киіп келген. Осы киімдердің эстетикалық,этно-мәдени,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика