spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Шортандыда ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтитын ерекше жоба қолға алынуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Шортандыда құс өсірушілер ерекше жобаны қолға алды.  «Құс: ауладан дастарханға» әлеуметтік жобасы аясында жас ғалымдар ауыл тұрғындарымен бірлесіп, құс өсіру процесін жүзеге асырмақ,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

Басманың мақсаты тұрғындармен бірлесіп, экологиялық таза өнім алып, табысты тәжірбиеге қол жеткізу болып отыр.

Жоба алғаш рет Дамса ауылдық округі мен Шортанды кентінде бастау алды. Жас ғалымдардың бастамасын жеке қосалқы шаруашылық иелері қолдап, қатысып, құс өсірумен айналыса бастады.


Жоба ұйымдастырушылары мамыр айының соңына дейін жергілікті әкімдіктердің өкілдерімен бірлесіп қатысушыларға іріктеу жүргізіп, шарттық негізде ынтымақтастықты бастап кетті. Бүгінде бұл әлеуметтік жобаға 7 жеке шаруашылық үйлерінің иелері қатысып, олар екі мың бройлер өсірумен айналысуда,-дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ғалымдар жобаның басынан бастап ет сатуға дейін (55 күн) ауыл тұрғындарымен бірлесіп қадағалайды. Құстарды тамақтандыру, жарық режимін сақтау, температурасын бақылау – ғылыми тұрғыдан қарастырылған.

Жеке шаруа иелерінен талап етілетін шарт – ұсыныстарды уақтылы орындау және құсқа дұрыс күтім жасау. Дайын өнімнің тек 60 пайызын кәсіподақ сатуға алады. Құстың қалған мөлшерін шаруашылық иесі өзі игереді.

Жас ғалымдардың жобасы тек жеке қосалқы шаруашылықтарда құс өсіру технологиясын зерттеуге ғана бағытталған жұмыс емес. Сонымен қатар қала және ауыл тұрғындарының өзара іс-қимыл тетігі пысықталуда, сондай-ақ онда әлеуметтік негіз бар. Сол арқылы халықты нәтижелі жұмыспен қамту.  Қосымша инвестициялар тартпай ақ, ауыл тұрғындарына шағын бизнеспен айналысудың бірегей мүмкіндігі беріледі. Бұл ауыл шаруашылығын монетизациялау болып табылады,-дейді жобаны ұйымдастырушылар.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img