spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қазақстанның 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 31 мамыр күні Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай ойнағанда екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз кей жерлерінде күн 38 градусқа дейін ысиды, өрт қауіпі сақталады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Оралдакүндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. 31 мамырда – 1 маусымда Қарағанды облысында кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз 31 мамырда – тәулік бойы 1 маусымда кей жерлерде күші 15-20 м/с жел соғады. Күндіз 31 мамырда – 1 маусымда кей жерлерде 35-38 градус қатты ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз 31 мамыр күні найзағай ойнайды.

Күндіз 31 мамырда – 1 маусымда 35 градус аптап ыстық болады. 31 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл көтеріледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с болады. 31 мамырда күндіз 40-43 градус аптап ыстық болады және өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 31 мамыр күні күндіз 43 градус аптап ыстық болады. 31 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қ.: күндіз 31 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қажетеді. Ақтауда 31 мамырда түнде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-18 м/с болады. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан, жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді. Павлодарда 31 мамырда оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан, жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады, күндіз 31 мамыр күні найзағай ойнайды.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, күндіз дауыл тұрып, бұршақ жауады. Оңтүстіктен жел соғып, күндіз жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Петропавлда күндіз 31 мамыр күні найзағай ойнап, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 31 мамырда Атырау облысында кей жерлерінде найзағай ойнайды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img