spot_img
Жұма, Қараша 27, 2026
-2.8 C
Kokshetau

Халқымыздың бірлігін басты құндылық ретінде сақтап келеміз – Елбасы

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Aqmola News» Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті қазақстандықтар!

Жыл сайын 9 мамыр күні біз әкелеріміз бен аталарымыздың адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста көрсеткен ерен ерлігі мен қаһармандығын еске аламыз.

Бұл күні біз үшін зор мақтаныш пен нағыз патриотизмнің үлгісіне айналған ардагерлердің алдында басымызды иеміз.

Соғыс құрбандарына тағзым етіп, осы күнге аман жеткендерге құрмет көрсетеміз. Олардың жауынгерлік ерлігі мен тылдағы еңбегінің арқасында біз бейбіт әрі тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.

Отан үшін от кешкендердің ерлігін ұмытпай, оны кейінгі ұрпаққа үлгі ету – біздің қастерлі борышымыз.

1945 жылғы мамыр айындағы Ұлы Жеңіс ортақ мақсатқа жұмылған халықтардың ауызбірлігінің, достығы мен өзара көмегінің жарқын символына айналды.

Бірлігі жарасқан қоғам ғана зор жетістіктерге жете алатынын халқымыз жақсы біледі. Тәуелсіздіктің отыз жылындағы тәжірибеміз – соның айқын дәлелі.

Біз осы кезеңде қуатты әрі өркендеген мемлекет құрдық. Өзара сыйластық, тұрақтылық пен тыныштық еліміздің орнықты әрі үйлесімді дамуының кепілі болды.

Тарихтан сабақ алып, халқымыздың бірлігін ең басты құндылық ретінде сақтап келеміз. Алдағы уақытта да солай боларына сенемін.

Баршаңызды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мықты денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр тілеймін!

Аспанымыз әрдайым ашық болсын!», – делінген Елбасы құттықтауында.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сайлауға дайындық заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіліп жатыр

Сайлау науқаны «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ұйымдастырылуда. Орталық сайлау комиссиясы сайлау үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика