spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көктемгі су тасқыны: Целиноград ауданында бірнеше елдімекенді су басуы мүмкін

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Целиноград ауданында су тасқыны қаупі күшейді. Бүгін жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсету мақсатында Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің күш-құрылымдары мен техникалары жөнелтілді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше Елорданың іргесіндегі бірнеше елдімекенге су басу қаупі төнген.

«Суды қауіпсіз өткізу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен барынша барлық шаралар ұйымдастырылып жатқанымен су басу қаупі әлі басым. Бүгін құрылған колонна тікелей Целиноград ауданында кезек күттірмейтін апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жіберілді. Жалпы күш-құрылым сапында 66 адам, 16 техника бірлігі мен 10 мотопомпа бар», – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев.

Егер су тасқынының бетін қайтару мүмкін болмаған жағдайда құтқарушылар тұрғындарға эвакуациялап, қауіпсіз жерлерге көшірмек. Бұл үшін эвакуацияланған адамдарды қабылдайтын 222 негізгі бекеттер, 71 резерв бекеттері, сондай-ақ мал қамайтын 98 орын әзірленіпті.

«Сонымен қатар су басқан елдімекендегі адамдарды құтқару үшін 2733 адам, 1292 техника бірлігі, 59 сүңгуір құралдары, 248 мотопомпа сақадай сай әзірленген. Апаттан құтқару жұмыстарына жұмылдырылатын техникалар үздіксіз жұмыс істеу үшін 353,5 тонна жанармай дайын. Сондай-ақ, 15 480 тонна инертті материалдар, 93 941 дана құм салынған қаптар әзірленді», – дейді
департамент бастығы.

Биылғы қыс Ақмола облысында қалың қар түсіп, өңірде су басу қаупі барынша жоғарылаған. Ведомство мәліметінше Елорда маңындағы аудан тұрғындары үшін аса қауіпті болмақ…

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img