24 наурызда Қазақстан аумағына Германия, Италия, Мальдив, Корея Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Монғолия, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 42 халықаралық әуе рейсімен 5 176 жолаушы келді. Олардың ішінде 5 133 жолаушыда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтамасы болса, қалған 43 ҚР азаматында тиісті құжат болмаған.
- Алматы әуежайына – 22 рейс (2 813 жолаушы, анықтамамен – 2 781, анықтамасыз – 32);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 7 рейс (727 жолаушы, анықтамамен – 716; анықтамасыз – 11);
- Шымкент әуежайына – 9 рейс (барлық 1 115 жолаушы анықтамамен келген);
- Ақтау әуежайына – 3 рейс (барлық 471 жолаушы анықтамамен келген);
- Орал әуежайына – 1 рейс (барлық 50 жолаушы анықтамамен келген).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 23 наурызда шетелден анықтамасыз келген 32 ҚР азаматының екеуінен коронавирус анықталды: бір жолаушы Ыстанбұлдан Алматыға, бір жолаушы Киевтен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген.