spot_img
Бейсенбі, Сәуір 10, 2025
12.2 C
Kokshetau

Ақмол ауылында мүмкіндігі шектеулі жандарға орталық ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Целиноград ауданының Ақмол ауылында Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен «Тепе-теңдік» әлеуметтік жобасының тұсаукесері өткізілді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Аталмыш жобаның мақсаты ауылдағы мүмкіндігі шектеулі жандарға еңбек және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру арқылы тең мүмкіндік беру.

Жоба аясында «Батыр» қоғамдық бірлестігіндегі «Тұлғаны дамыту орталығы» базасында тұрақты түрде мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіби түрде даярлап жұмысқа орналастырады. Мекемеде тігін машинасы, компьютер, шаштаразға арналған құралдармен жабдықталған. Жаңа орталықта ерекше қажетілігі бар жастар, тігін ісі, шаштараз шеберлігі, дәстүрлі халықтық қолөнер, компьютерлік сауатылыққа үйрету, әлеуметтік кәсіпкерлік дағдыларына оқыту сияқты қажетті істер үйретіледі. .
Ауылдық жерлердегі басты проблемалардың бірі мүгедектігі бар жастар арасында кәсіптік бағдар беру болып табылады. Целиноград ауданының ауылдық округтерінде оқуға, мамандық алуға және жұмысқа орналасуға ниет білдірген мүмкіндігі шектеулі жастар өте көп. Бүгінгі таңда шалғай ауылдарда ерекше жандарды кәсіптік даярлау оқу орталықтары жоқ.

Аталмыш жобаның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсарту, шығармашылық мүмкіндігін шыңдау. Мұндай жандарды кәсіптік дағдыға баулып білім беру – қоғамдық өмірге бейімделуге, өзін-өзі дамытуға үлкен мүмкіндік.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау чемпиондарды қарсы алды: Қазақстан әлемдік турнирде 13 алтын медаль алды

Мәскеуде 12 елден 730 спортшы қатысқан каратэ-до шотокан бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық каратэшілер керемет нәтижелер көрсетті. Қазақстан құрамасы 13...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img