spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
19.6 C
Kokshetau

Ақмола облысында ерлі-зайыптылар өз үйінен өлі күйінде табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Жалтыр ауылында ерлі-зайыптылар өз үйінен өлі күйінде табылды,– деп хабарлады «Aqmola News». 

Белгілі болғандай, қоспәтерлі үйдің тұрғындары көршілерінің үйінен түтін шықпай, өздері де сыртқа шықпай қалғанын байқап, алаңдаушылық білдірген.

Оқиға орнына ауыл әкімдігінің қызметкерлері, полиция және марқұмдардың ұлы шақырылған. Пәтердің есігі ішкі жағынан жабық болған, терезеден кіруге тура келген. Үй иелерінің денесі екі бөлмеден табылған

Алдын ала болжам бойынша, 68 және 62 жастағы ерлі-зайыптылар газдан уланып қалған.

Ерлі-зайыптылардың жалғыз ұлы бар. Ол да ата-анасының қайтыс болғанын екі күннен кейін білген. Ауыл әкімдігі жерлеу рәсіміне көмек көрсетпек.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Aqmola News» ақпарат агенттігі тіркелген кандидаттар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика