spot_img
Жұма, Қараша 13, 2026
0.2 C
Kokshetau

Баланы еденге лақтырған: Өскеменде балабақша тәрбиешісіне іс қозғалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы тәрбиешісінің балаға қатал қарауы және тәрбиелеу жөніндегі өзіне жүктелген міндеттерін орындамауы туралы арызбен жүгінді.

«Қазіргі уақытта ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалған» делінген хабарламада.

Балабақша директоры мен тәрбиешісі ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы аясында қызметтерінен босатылды. Бүгін ШҚО білім басқармасының басшылығы балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен кездесу өткізеді.

«Сондай-ақ қаланың үздік психологтары балалармен жұмыс істеуге тартылатын болады. Мәселе облыс басшылығының бақылауында» делінген ақпаратта.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшы қаласында жаңа мектеп бой көтеруде: заманауи білім ордасы 1500 оқушыға шақталған

Қосшы қаласында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Мұнда бір ауысымда 1500 оқушыны қабылдауға қауқарлы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика