spot_img
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
8.8 C
Kokshetau

Дубайда 140 метрлік әткеншек бой көтерді

Сондай-ақ...оқыңыз

Әлемдегі ең биік әткеншек Дубайдағы (БАӘ) Bollywood Parks ойын-сауық орталығында орнатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Известия» басылымына сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, аталмыш ойын-сауық орталығы былтыр көктемде пандемияға байланысты жабылып қалған болатын, дегенмен, осы уақытқа дейін орталықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, әткеншектердің көбі соңғы үлгідегі түріне ауыстырылыпты. Сондай әткеншектердің бірі – биіктігі 140 метрге жететін Bollywood Skyflyer тізбекті әткеншегі. Ол бұған дейін Гиннестің рекордтар кітабына енген әткеншектен 18 метрге биік болып шықты.

«Әуе төрінде қалықтап ұшуға батылы жеткен жанның бәрі ойын-сауық орталығының көз жауын алар көркем көрінісі мен оның айналасындағы ғажап ғимараттарды биіктен тамашалай алмақ», – деп жазады Themepark-central басылымы.

Орталыққа келушілер үшін сонымен қатар, америкалық төбешіктер, биіктігі 55 метрлік шолу дөңгелегі мен үнділердің ұлттық тағамын ұсынатын арнайы аллея да ашылған.

Айта кетерлігі, барлық әткеншектерде үнді мәдениеті мен сәулет өнерінің нақыштары бейнеленген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика