spot_img
Бейсенбі, Қараша 26, 2026
4.2 C
Kokshetau

«Ауыл» партиясының өкілдері «Шымкент Кашемир» зауытына барды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Парламент Мәжілісіне кандидаттар бастаған «Ауыл» партиясының үгіт-насихат тобы Шымкент қаласының маңындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Шымкент Кашемир» жүн өңдеу зауытына барды, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.

Кездесу барысында кәсіпорын басшысы Шағанбек Қанжарбайұлы «Ауыл» партиясы ұсынған бастамалары қалыптасқан мәселелерді, яғни зауыт құрылған сәттен бастап қол байлау болған және жобалық қуатын толық пайдалануға мүмкіндік бермей отырған тетіктерін көздейтінін айтты.

Атап айтқанда, «Ауылдықтардың» АӨК субъектілерін ҚҚС-тан босату жөніндегі ұсыныстары жұқа және жартылай жұқа жүн сатып алу процесін көлеңкеден шығаруға мүмкіндік береді.

«Шымкент Кашемир» ЖШС жұмыскерлерін партияның коммуналдық қызметтерге, бірінші кезекте, өндірістік сектордың кәсіпкерлері үшін электр энергиясына тарифтерді субсидиялау жүйесін енгізу жөніндегі бастамасы ерекше қуантты. Өйткені, мұндай шара зауытқа шығындарды үнемдеуге және үнемделген қаржыны жалақыны көтеруге мүмкіндік береді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сайлауға дайындық заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіліп жатыр

Сайлау науқаны «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ұйымдастырылуда. Орталық сайлау комиссиясы сайлау үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика