spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
8.2 C
Kokshetau

Ақмолада алдағы жылдары алтын өндіру көлемі ұлғаяды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірде алтын өндіру көлемі артатынын айтты, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Индустрияландыру өңір экономикасын әртараптандырудың негізі болып қала береді. Өңірде Индустрияландыру картасы бойынша 276 млрд теңге сомасында 38 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның 14-і биыл аяқталады. Бұл өңір экономикасына шамамен тартуға және 3,7 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», – деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.

Әкімнің сөзінше, ірі жобалардың қатарында алтын өндірісін және оның жалпы республикалық көлемдегі үлесін 35 пайызға ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін екі алтын өндіру фабрикасының («RG Gold» ЖШС және «Ақсу Technology») құрылысы бар.

Жобаны іске қосу облысқа түсті металлургиядағы көшбасшылық позицияны нығайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде өңір республикалық көлемнің үштен бір бөлігін өндіреді.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img