spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau

Атбасар ауданынының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгерістер қалыптасқан

Сондай-ақ...оқыңыз

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов биылғы жылдың 10 айындағы қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Атбасар ауданы 2020 жылды жақсы макроэкономикалық көрсеткіштермен аяқтады. Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша 2020 жылдың 10 айында негізгі көрсеткіштер оң нәтижелерге жеткенін байқауға болады. Өнеркәсіп, құрылыс жұмыстары, бөлшек сауда айналымында оң өзгерістер қалыптасты. Орташа айлық жалақы 147 761 теңгеге жетіп тұр, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 16,7% – ға жоғары. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 7 млрд. теңгеден асты. Мемлекеттік бюджетке 3 млрд. салық және басқа да міндетті төлемдер түсті,- деп атап өтті аудан әкімі.

Есепті кезеңде 4,5 тоннадан астам ет, 21 тоннаға жуық сүт,  8 млн.20 мың дана жұмыртқа өндірілді.

ІҚМ өсіру бойынша 4 ет фермасы ашылды. «Атбасар Агропродукт», «Новосельское», «Атбасар Данди Астық»,  «Тәуке» жауапкершілі шектеулі серіктестіктері мал шаруашылығы саласына ықпалын тигізіп үлгерді. Бірқатар шаруашылықтарға «Қаржылық қолдау қорына» несиелеу құжаттары берілді.

Соңғы жылдары ауданда құрылыс қарқынды жүруде. Осы уақыт аралығында аудан көлемінде 9 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.

Көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 90 пәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға берілді. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Атбасар ауданының Бастау ауылында ұзындығы 5,7 км кентішілік жолдарды асфальтбетон жабынымен орташа жөндеу аяқталды. 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде  Атбасар қаласының 13 көшесі бойынша көше-жол желісін орташа жөндеу аяқталды.

Облыстық бюджет есебінен Атбасар қаласында тротуарларға орташа жөндеу жүргізілуде. Аудандық бюджет есебінен Атбасар қаласының 4 көшесіне асфальт төселді.

Өңірде жұмыс істеп тұрған 2 324 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Ақмола облысының 2020-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасына 59 жұмыс орны құрыла отырып, 2 млрд теңгеге жуық сомаға 2 инвестициялық жоба енгізілді.

Шуйское және Покровка ауылдарында су құбыры желілері мен құрылыстарын қайта жаңарту жүргізілуде. Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде құбырлар мен қазандықтарды, жылу трассаларды ағымдағы жөндеуге бағытталған 8 жоба іске асырылуда,-деді Аманбек Қалжанов бапасөз алаңында.

Әкімнің айтуынша, көктем айларында алдын алу жұмыстарының арқасында Атбасар қаласы мен ауданның басқа да елді мекендерін су басуына жол берілмеді. Су тасқынына қарсы іс-шараларға, жарылыс жұмыстарын жүргізуге, дизель отынын, бензинді, қаптарды сатып алуға аудан бюджетінен 2020 жылға 10,1 млн.теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді.

Биылғы жылы «SABA-16»ЖШС әлеуметтік серіктестігі аясында Атбасар қаласында 140 орындық балабақша ғимаратын қайта жаңғырту жүргізілді, 2020 жылдың 1 желтоқсанында ғимаратты пайдалануға беру жоспарлануда.

Денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын нығайту шеңберінде  жалпы сомасы 116 млн. теңгеге жабдықтарсатып алынды. Қан орталығының ғимаратын медицина қызметкерлері үшін тұрғын үй ретінде қайта қалпына келтіру үшін ведомстводан тыс сараптамадан өтумен ЖСҚ әзірленуде,-деді аудан әкімі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img