spot_img
Сәрсенбі, Қараша 27, 2024
-11.5 C
Kokshetau

Ақмолада әлеуметтік қызмет порталынан көмек алушылардың қатары артты

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысында әлеуметтік қызметтер порталы арқылы «пилоттық режимде» қызмет алу жалғасуда. Бүгінгі күнге 1 қазаннан бастап 3 мүгедектігі бар адамдар ымдау тілі қызметін және 9 жеке көмекшінің әлеуметтік қызметін Портал арқылы алады. Сондай-ақ, санаторлы-курорттық емдеу қызметін алуға 9 ақмолалыктар өтінім берді, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына сілтеме жасап.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың қазан айынан бастап Порталға пилоттық режимде 3 қызмет енгізілді. 1 қазаннан бастап облыс бойынша жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының және санаторий-курорттық емдеудің қызметтері бойынша 15 өтінім орындалды. Қазіргі уақытта Портал арқылы 130 оңалтудың техникалық құралдары берілген.
«Мен, ымдау тілі қызметін жүзеге асыратын маман Ирина Гущина ымдау тілі қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба шеңберінде әлеуметтік қызметтер порталына тіркелдім. Әлеуметтік қызметтер порталында жұмыс істеу ыңғайлы, бәрі түсінікті. Қызметті көрсетудің бүкіл процесін маман да, мүгедек те қадағалайды» – дейді ымдау тілі қызметін ұсынатын маман Гущина Ирина Васильевна.
Әлеуметтік қызметтер порталы ағымдағы жылдың қаңтар айында іске қосылды. Порталдың бірінші басты ерекшелігі (aleumet.egov.kz) – ОТҚ және басқа пайдаланушылардың бейінін, рейтингін және пікірлерін ескере отырып, көрсетілетін қызметтерді өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілген. Екінші артықшылығы – мерзімдерді қысқарту. Бұрын күрделі рәсімдерге байланысты Мемлекеттік сатып алу арқылы тапсырыс беру кезінде мүгедектігі бар адам кейде ОТҚ-ны 6 айға дейін күтуге мәжбүр болған. Қазір порталға тапсырыс беруден үйге жеткізуге дейінгі уақыт – 15 күнге дейін. Жеткізу қызметтерін мемлекет төлейді.
«Портал іске қосылғалы жақсы болды. Онымен жұмыс істеу әлдеқайда жеңіл және жылдам, енді мен тапсырыс берген өнімді бақылай аламын. Тапсырыс бұрынғыға қарағанда тезірек келетінін атап өткім келеді. Қазір жеткізу мерзімі 15 күнге дейін қысқартылды. Бұл өте қуантады. Ал жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлері бәрін өте қолжетімді деп түсіндірді, порталда оңалтудың техникалық құралдарын алуға өтінім беруге көмектесті. Мемлекеттен көмек алу өте ыңғайлы болды» – дейді 1-ші топ мүгедектігі бар Артем Ященко.
Бүгінгі күні тізілімде порталда 75 өнім беруші бар, оның ішінде 73 – әлеуметтік қызмет көрсету бойынша және 9 – санаторлық-курорттық емдеу бойынша. Қазір жеке іріктеуді талап етпейтін ОТҚ-ның 55 түрінің 24-і Портал арқылы ұсынылады, ал 2021 жылғы қаңтардан бастап жеке іріктеуді талап ететін техникалық құралдар қолжетімді болады.
Портал арқылы барлық қызметтер мен оңалту құралдары сапасы мен сатып алушылардың пікірлері бойынша өзін жақсы жағынан көрсеткен тауарлар мен қызметтердің орташа құны бойынша арнайы комиссия айқындаған, мемлекет кепілдік берген сома шеңберінде тегін ұсынылады.
Порталды қолдану жайлы қала тұрғындарын ақпараттандыру шарасын халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінін мамандары жалпыреспубликалық жемқорлыққа қарсы «Адалдық алаңы» жобасы алаңында өткізеді. Олар белсенді түрде тұрғындармен және болашақ тауар жеткізушілермен ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әлеуметтік қызметтер Порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар тауар немесе қызметтерді таңдау барысында жемқорлық әрекеттер түгел жойылады. Ол электронды форматта қызмет алушыға тауарды немесе қызметті өзі таңдауға және онлайн түрде тауар мен қызметті бақылауға мүмкіндік береді. Бұл қызмет алушымен қатар тауар жеткізушіге қолжетімді.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда  «Ер намысы — Ел намысы – 2024» қалалық байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында погондағы ер азаматтар арасында "Ер намысы — Ел намысы-2024" атты қалалық байқауы өтті. Жыл сайын өткізілетін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img