Облыс орталы автобустар күнделікті дезинфекцияланады. Автобусқа маскасыз кіруге рұқсат жоқ. Зарарсыздандыру жұмыстарын жолаушы тасымалымен айналысатын серіктестіктер өздері айналысады,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Облыс орталығында жолаушыларды тасымалдаумен үш кәсіпорын айналысады.
«Көкшетау автобус паркі» ЖШС қалалық маршруттардың шамамен 50% – ына қызмет көрсетеді.
Көкшетау қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Қанат Ысқақовтың айтуынша, дезинфекциялаумен тасымалдаушылардың өздері айналысады.
«Санитарлық өңдеу тек Қазақстанда ғана емес, ЕАЭО елдерінде де жүзеге асырылады. Ол үшін сертификатталған дезинфекциялау құралдары, мысалы, «деохлор» пайдаланылады. Әр құралға өндірушінің нұсқаулары қоса беріледі, оны жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қатаң сақтау керек»»,-дейді Қанат Ысқақов.
«Көкшетау автобус паркі» ЖШС директоры Әсия Шәрімованың айтуынша, автоустарда санитарлық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері, бірінші кезекте жүргізушілер мен кондукторлар жеке қорғаныш құралдары – маскалар, қолғаптармен қамтамасыз етілген.
«Күн сайын жүргізушілерге 10 литр дезинфекциялық құрал, шүберек беріледі. Тұтқалар, орындықтар, валидаторлар күніне екі рет өңделеді. Рейс аяқталғаннан кейін еден, терезелер, есіктер толық дезинфекцияланады. Жақында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 15 жаңа автобус алдық. Олар бейнебақылау жүйесімен, жолаушылар ағынының датчиктері, валидаторлар, GPS жүйесімен жабдықталған. Ең бастысы, COVID-19-мен күресу үшін олар ауаны зарарсыздандыруға арналған ультракүлгін шамдар орнатылған. Жыл аяғына дейін автобустарды жаңғыртуды толық аяқтауды жоспарлап отырмыз», – Әсия Шаримова.