spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
25.2 C
Kokshetau

Щучинск қаласында жол апатынан екі бірдей полиция қызметкерлері мерт болды

Сондай-ақ...оқыңыз
Щучинск қаласында бүгін таңертең Абылайхан-Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған жол апатынан екі бірдей жергілікті полиция қызметкерлері қаза болды, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мебелин» дүкенінің жанында «Lexus NX20» автокөлігінің жүргізушісі полиция бөлімінің «Lada-21214» қызметтік автокөлігін соққан.
«Lada-21214» қызметтік автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, Бурабай ауданының жергілікті полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары алған жарақаттардан жол-көлік оқиғасы болған жерде қайтыс болды. Қаза тапқан қызметкерлер қызметтік міндеттерін орындау кезінде болған және жол-көлік оқиғасы болған сәтте оқиға орнынан қайтып келе жатқан, – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Тергеу барысында күдіктінің жеке тұлғасы анықталды. Ол осыған дейін бірнеше мәрте Қазақстан Республикасы ҚК 200, 346-баптары бойынша сотталған, 2022 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған, Щучинск қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабының 4-бөлігі «Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын басқару адамдарымен көлік құралын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды, күдіктіге қатысты «Қамауда ұстау» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті

2026 жылғы 29 мамырда Көкшетауда «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті. Аталған акция жыл сайын өткізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика