spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
20.7 C
Kokshetau

Коронавирус телефон экраны мен ақша банкнотында бір айға жуық өмір сүреді

Сондай-ақ...оқыңыз

Австралия ғалымдары Covid-19 қоздырушы вирустың банкнот, телефон экраны және тот баспайтын болат бетінде 28 күн бойы тіршілік етіп, жұқпалы болып қалатынына сендіріп отыр. Бұл туралы BBC News агенттігі хабарлайды.

Австралия ұлттық ғылыми агенттігі жүргізген соңғы зерттеу қорытындылары SARS-Cov-2 вирусының бұған дейін шамаланғаннан да өміршең болуы мүмкін екенін көрсетті. Елдің CSIRO агенттігі өткізген зерттеу вирустың мобильді телефон экраны, сондай-ақ пластик және қағаз банкнот сияқты тегіс беттерде 20°C температурада 28 күн бойы «өте тұрақты» болатынын көрсетті.

Салыстырмалы түрде тұмау вирусы мұндай жағдайда 17 күн тіршілік етеді екен. Кардифф университеті жанындағы вирустық инфекциялар орталығының бұрынғы директоры, профессор Рон Эклс австралиялық әріптестерінің зерттеуіне сын айтып, коронавирус инфекциясын тудырушы вирустың 28 күн бойы «белсенді» болатыны туралы шамалауын тек «қоғамның үрейін ұшыратын қажеті жоқ жаңалық қана» деп мәлімдеді.

«Вирустар әлдененің бетінде тек жөтел, түшкіру кезінде, сондай-ақ лас қолмен ұстау кезінде ғана таралады, ал бұл зерттеуде адамның шырышы вирустың таралуы құралы ретінде қарастырылған жоқ», – деді ол. «Менің ойымша, инфекциялық вирустар әлдененің бетіндегі шырышта бірнеше күн емес, тек бірнеше сағат ішінде сақтала алады», – деп қосып өтті Эклс.

Шілде айында Lancet-те жарияланған мақалада Рутгерс университетінің микробиология профессоры Эмануэль Гольдман вирустың «жансыз заттар арқылы таралу мүмкіндігі өте төмен» екенін атап өткен. Сондай-ақ, өткен аптада Калифорния университетінің медицина профессоры Моника Ганди коронавирустың әлдененің беті арқылы таралмайтынын мәлімдеген.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау полицейлері қала тұрғындарына қоқыс тастау мен қоғамдық орындарда ішімдік ішу үшін жауапкершілік барын ескертті

Көкшетау қаласындағы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеп отыр. Әсіресе рұқсат етілмеген орындарға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика