spot_img
Сейсенбі, Желтоқсан 3, 2024
-11.1 C
Kokshetau

Иван Юрченко: Биыл Ақмолада көмір тапшылығы болмайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында биыл көмірге тапшылық болмайды. Көмірдің әрбір тоннасы орташа есеппен 13 мың теңгеден саудаланады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Иван Юрченко мәлім етті, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

1 қазандағы жағдай бойынша облысқа қажетті көмірдің 62 пайызы яғни 412 мың тоннасы жеткізілген.

Ақмола облысы жыл сайын шамамен 1,4 миллион тонна көмір пайдаланады. Қазіргі уақытта барлық коммуналдық кәсіпорындар көмір жеткізуге келісімшарттар жасасқан. Аудандар мен қала әкімдіктерінде көмірдің бар-жоғын түсіндіретін жедел желілер ашылды. Жалпы облыс бойынша халыққа көмір сататын 56 бекет орналасқан.азіргі уақытта көмір жеткізу бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Облыста көмірдің орташа бағасы шамамен 13 мың теңгені құрайды. Басқарма көмір бағасына арнайы мониторинг жүргізіп отырады, – деді Иван Юрченко.

Көмірдің бағасы негізсіз өсірілгені анықталған жағдайда бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетімен тиісті шаралар қабылданатыны ескертілді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция аншлагпен аяқталды

Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының баспасөз хатшысы - Нурлыбек Конуспаев. Ақмола облысында 1 желтоқсанда аталып өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img