spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
14.7 C
Kokshetau

Степногорск қаласында форель балықтары су қойнауына жіберілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Степногорск қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметов «Тасты карьер» тоғанында форель балығын су қойнауына жіберу рәсіміне қатысты,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл іспен «Бастау-ST19» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда.

Жобаның мақсаты тірі балықты суға жіберу арқылы оны көбейтіп, тұтыну нарығын қанағаттандыру, сондай-ақ демалыс инфрақұрылымы сервисін ұсына отырып, балықты маусымда балық аулауды ұйымдастыру және оңтайландыру болып табылады.

Қазіргі уақытта жіберілген балықтарды қорғау, олардың ары қарай тіршілік етуіне жағдай жасау шаралары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл жоба өңірдің балық шаруашылығын дамытуға септігін тигізіп, жоғары сапалы экологиялық таза өнім алуды қамтамасыз етеді. Сондай ақ, компаниямыздың балық өнімдерін сатып алушылар алдындағы міндеттемелерді орындауға мүмкіндік береді,-дейді компания директоры Пётр Колодюк.

Мамандар балық аулау  2021 жылдың көктеміне жоспарланғанын айтады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img