spot_img
Сенбі, Шілде 13, 2024
30.2 C
Kokshetau

Егіндікөл ауданында санитарлық тазалау науқанына арналған күзгі айлық жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз
Егіндікөл ауданында аудан әкімі Ерлан Исабековтің қатысуымен елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөніндегі айлықты өткізу барысы туралы жиын өткізілді,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Аудан аумағында 2020 жылдың 14 қыркүйегінен 14 қазанына дейін елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша күзгі айлық жарияланды.
Қазіргі уақытта 25 тонна қоқыс шығарылып, 180-нен астам қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарының қасбеті әктеліп сырланған. 200-ден астам жасыл желектер отырғызылған.
Сонымен қатар, зираттар аумағын тазалау, құрғақ жусанды шабу, дуалдарды сырлау, қоршауларды жөндеу және басқа да жұмыстар жүргізілуде. Ауданның елді мекендерін абаттандыруға жалпы 395 адам қатысты. Өткізілген есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспары қабылданды, оған 7 іс-шара енгізіліп, бүгінгі күні оның ішінде 2 іс-шара толығымен аяқталды, қалғандары – аяқталу сатысында,-дейді аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта аудандық бюджет қаражатына 4,3 миллион теңге бөлініп,ТҮКШ бөлімінің ғимаратын ағымдағы жөндеу жалғасуда. Екі қабатты дәліздердің едендеріне кермограниттік плиткаларын орнату бойынша жұмыстар аяқталды, есіктер ауыстырылды, электр жарығы орнатылды. Қабырғаларды әрлеу және сантораптарды орнату аяқталуда.
Ал, ғимараттың 2-қабатындағы үй-жайлар жас қызметкерлерге арналған жатақхана ретінде пайдаланылатын болады.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық спортшылар Парижде өтетін жазғы Олимпиадаға 6 лицензия ұтып алды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алған ақмолалықтармен кездесіп, байрақты бәсекеден жеңіспен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img