spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.5 C
Kokshetau

Көкшетау маңында Науан Хазірет кесенесі жаңғыртылуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының аумағында ескі мұсылман зиратында атақты дін және қоғам қайраткері Науан Хазірет құрметіне кесене салу жүріп жатыр. Сондай-ақ аталған объектіні абаттандыру жоспарланған,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ тарихи және мәдени ескерткіштерді мемлекеттік қорғауды, оларды есепке алу, қорғау, сақтап қою, қалпына келтіру, насихаттау мен пайдалану жөніндегі жұмысты үйлестіруді қамтамасыз етеді. Сонымен бірге Орталық  жыл сайын аймақ бойынша мәдени мұра объектілерінің техникалық жай-күйіне мониторинг жүргізіп, әр түрлі деңгейде бұзылған ескерткіштерді анықтайды. Соның нәтижесінде бар кемшіліктерді жою жөніндегі шаралар қабылданады.

2017 жылы «Қазақстанның 100 киелі жері» тізіміне Ақмола өңірінің    10 объектісі кірді. Науан Хазіреттің жерленген орны да «Құмай» археологиялық-этнографиялық кешені, Олжабай батырдың жерленген жері, Абылай хан алаңы, Кенесары үңгірі, Оқжетпес тауы, «Беспақыр» мазары, «Бытығай», Қабанбай батыр, Баубек батыр кесенелері сияқты жалпыұлттық маңызы бар киелі нысандар осы тізімге кірді.

Белгілі діни қайраткер Наурызбай Таласұлының кесенесі Ақмола облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімін толықтыра түседі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика