«Akkol Beef» ЖШС 2016 жылы құрылды. Шаруашылық Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округінің аумағында орналасқан. Қазақтың ақбас ірі қара мал тұқымын көбейтуді қолған алған,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Шаруашылық директоры – Сейтқамзин Расул Нұрбекұлының айтуынша, мұнда ет бағытындағы ірі қара мал өсірумен айналысып келеді.
Әсіресе, қазақтың ақбас қара мал тұқымын көбейтуді қолға алған.
Бүгінгі күні жалпы мал басы – 320 басты құрайды, оның ішінде аналық мал басы – 265 бас.
Жұмыскерлердің еңбекқорлығы мен мемлекеттің жайылымдарды суландыруға, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға және ІҚМ селекциялық жұмысты жүргізуге арналған шығындарды субсидиялауы арқасында серіктестік жұмысы жанданып келеді.
Сондай-ақ, кредит беру және қаржы лизингі кезінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түріндегі қолдаулар да, серіктесікке ІҚМ басын 800 – 1000 басқа дейін жеткізу мүмкіндігіне қол жеткізді.
Серіктестік өз жұмысында жаңа технологиялар электршопан арқылы жайылымдарды қоршап, малға ие болу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Ал жайылымдарды суландыру кезінде жел сорғыларын пайдаланады.
Қыс мезгілінде шаруашылық жұмыскерлерінің саны 4 адамды құрайды, маусымда олардың саны 10 адамға дейін артады.
Еңбек ресурстарын оңтайландыру үшін барлық жұмыс үдерісін барынша механикаландыруға баса назар аударылады.
Осы мақсатта ауыл шаруашылығы техникасы паркі қажетті машиналармен жабдықталады.
Айталық, мемлекет АӨК дамыту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Нәтижесінде, еліміз бойынша да, біздің ауданымызда да табысты және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының саны өсуде.