spot_img
Сенбі, Маусым 27, 2026
21.9 C
Kokshetau

Ерейментау: Ауданда тағы бір жел электр станциясы пайда болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ерейментау ауданында екінші жел электр станциясы пайда болмақ. «Самрұқ-Энерго» холдингінің «Ereymentau Wind Power» компаниясымен салынып жатқан баламалы энергия көзі 50 мВт қуат күшімен Ұлттық электр желісіне түседі, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Жаңа жоба құрылысына 100-ге тарта жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған. Станцияны пайдалануға беру кезеңінде 16 адам қызмет көрсетпек.

Сарапшылардың айтуынша, Алматы облысында және Ақмола облыстарында пайда болатын желэлектр станциялары «Жасыл энергетика» технологиясын енгізуге мол мүмкіндік жасайды.

Осыған дейін  төрт-бес жыл бұрын  жел электр станциясы алғаш рет орнатылған. Екінші жоба құрылысы   бұл салада алға ілгерілеушіліктің зор екендігін айқындай түседі. Осыдан кейін қомақты инвестициялық сомаға үшінші жоба да жүзеге асырылмақ. Барлық қаражат түгел мемлекет есебінен емес, жеке инвестициядан бөлініп отыр, Салынып жатқан жоба ауданның экономикасына да сүбелі үлес қосып, әрі жергілікті халықты жұмыспен қамтиды. Жаңартылған энергия көздерінің экологиялық таза әрі болашағы зор болатынына сенімдімін, – дейді Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжанов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан өңір атанды

Ақмола облысы еліміздің ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің рейтингінде бірінші орынға шығып, ірі мегаполистер мен басқа да облыстарды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика