«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасымен Ақсу кентінің №1 орта мектебі мен Қырыққұдық ауылындағы орта мектепті орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Аудан әкімі аталған жұмыстардың орындалу барысымен танысты, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Ақсу кентінің №1 орта мектебінде жөндеу жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталған. Білім мекемесінің шатыры, едені мен қасбеті, сондай-ақ кабинеттері жөнделді. Қазіргі уақыта мектептің екінші және үшінші қабаттарында терезелері ауыстырылып, қабырғаларын әрлеу жұмыстары жалғасуда. Мектепті аралап шыққан қала әкімі жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқтау үшін нысандағы жұмысшылар санын арттыру қажеттігін атап өтті.
Бұдан әрі Еркебұлан Баяхметов Қырыққұдық ауылындағы орта мектептегі жөндеу жұмыстарының жүргізілуін назарға алды. Мердігер компания әкімге ғимараттың терезелердің толықтай ауыстырылғанын жеткізді. Мектепте қазіргі таңда 91 оқушы білім алуда. Қала әкімі жаңа оқу жылының бала санының аздығына байланысты штаттық режимде оқыту шешілгендіктен, жөндеу жұмыстарын оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды тапсырды.