spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолаға Парламент Сенатының депутаты Сәуле Айтпаева жұмыс сапармен келді

Сондай-ақ...оқыңыз

Парламент Сенатының депутаты Ақмола облысындағы жұмыс сапарын өзі туып өскен Жақсы ауданынан бастады.  Қазақтан шыққан алғашқы әйел -генерал  өңірдегі коронавирус инфекциясымен күрес мәселесіне назар аударды, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Депутат алдымен аудандық орталық ауруханаға ат басын бұрды.    Аурухананың бас дәрігері Людмила Бруй науқастардың жағдайы мен провизорлық бөлім жұмысы туралы әңгімелеп берді.


– Аурухана дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардан тапшылық көріп отырған жоқ. Вирусқа қарсы бір реттік және көпреттік костюмдер, маскалар, медициналық қолғаптар мен антисептиктер жеткілікті. Аудан әкімдігі провизиорлық бөлімнің медициналық қызметкерлерінің ас-ауқатына да барынша көмек көрсетіп отыр, – дейді Людмила Бруй .

Бас дәрігердің айтуынша, провизорлық бөлімде ауыр жағдайға түскен емделушілер болмады. Сондай-ақ, қайталап ауырған оқиғалар да байқалмаған.

Халық қалаулысы коронавирус инфекциясымен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерінің басын қатерге тігіп жүргендерін, сондықтан мемлекетпен аталған санаттағы мамандарға мемлекеттен үлкен қолдау жасалып жатқанын атап өтті.

Жергілікті кәсіпкерлер де қалыс қалмай аудандық ауруханаға 8,5 миллион теңге сомасына дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар түрінде демеушілік көмек көрсеткен.

Жұмыс сапары барысында Сәуле Айтпаева жекеменшік дәріханаларға да бас сұқты.

Барлық қажетті дәрі-дәрмектер баршылық. Бағалары көтерілген жоқ. Қазір адамдар жағдайға барынша жауапкершілікпен қарап, арақашықтықты сақтап, дезинфекциялық құралдарды қолдануда. Дүрбелең басылды, – дейді дәріхана иесі.

Одан соң депутат Жақсы ауылындағы Запорожье орта мектебі мен № 1 Қима орта мектебінде болып, мектеп директорларымен қашықтықтан оқыту мәселелерін талқылады.

Сонымен  қатар  көп балалы  және аз қамтылған  отбасылардың  балаларының  толық  техникамен  қамтамасыз етілуі,  интернеттің  жылдамдығы,  дезинфекциялық  құралдардың  қолда болуы,  пирометр мен санитайзер, кварц  шамдарының  болуы  сияқты  мәселелер  сөз болды.  

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img